Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі
Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.
Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, бейне сенің сәби кезіңдегідей асты киімге төгіп алуым мүмкін, сол кезде сен сабырлы бол.
Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құтты сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып серуендетіп тұрсаң.
Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді ұмытып қаламын. Маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де сенікі жөн деп, көбірек сабыр сақтағайсың!
Мен қартайғанда көпсөзді болып кетуім мүмкін, ол кезде екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып отыра берсең болады.
Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей сенің де құлақ етіңді жеп, тәрбие айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да «Жарайды!» деп басыңды изей салсаң болады.
Балам, мен о дүниеге аттанғаннан кейін, мәңгілік көзімді аша алмайтын болғанда егер Алла қалап жатса ол жақта да сенің бақытың мен отбасың үшін дұға жасайтын боламын!
Muftyat.kz